389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев президент болғалы твиттер парақшасында 422 твит жариялаған

  • 208
  • UPD: 10:37, 19.09.2019
Қ.Тоқаев президент болғалы твиттер парақшасында 422 твит жариялаған

Мемлекет басшысы президент болып сайланғаннан кейін яғни маусымның 12-нен бастап өзінің твиттер парақшасында 422 твит жариялады.

Оның басым бөлігі халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алғалы 153 жарлыққа, 48 өкімге, 3 заңға қол қойған. Бұдан бөлек, сәуірдің 22-сінде Мемлекет басшысы виртуалды қабылдау бөлмесін ашты. Ол жерге осы кезге дейін тұрғындардан 3 мың 617 өтініш келіп түскен. Ал шілденің соңында Аида Балаеваны өзінің көмекшісі әрі Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. Нәтижесінде аталған бөлімге 12 мың азамат жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы