389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшы: Қ.Тоқаев диалог пен ашықтық негізіндегі басқарудың концепциясын көрсете алды

  • 201
  • UPD: 13:04, 19.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев диалог пен ашықтық негізіндегі басқарудың концепциясын көрсете алды.

Ресейлік сарапшылар осылай дейді. Мәскеу мемлекеттік университеті, ақпараттық-сараптама орталығының директоры Дарья Чижованың пікірінше, Қазақстан басшысы нақты әрі нәтижелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қысқа уақытта қайта қалпына келтіріп, сындарлы сәтте халық жанынан табыла білді. Президент бұл жағдайда дағдарыс-менеджері ретінде білікті саясаткер екенін көрсете алды дейді саясаттанущы.

Дарья Чижова, ММУ ақпараттық-сараптама орталығының директоры:

– Жемісті 100 күн дер едім мұны. Неге десеңіз, Тоқаев қоғамдық ортаға диалог керектігін бірден түсіне алды. Оның қатарында наразылық шаралары мен ереуілдер бар. Билік бірден халыққа «Біз диалогқа дайынбыз» деді. Оған Президент жанынан ашылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы дәлел. Әлеуметтік мәселелерді шешімін тауып, Арыстағы жағдай бастан-аяқ бақылауда болды. Бұл Президент қадамының нық әрі жемісті екенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы