389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты: Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс бағытты нұсқады

  • 218
  • UPD: 13:51, 19.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды даму және реформа жолымен әкеле жатыр.

Германия парламентінің депутаттары осындай пікірде. Бундестаг өкілдерінің айтуынша, Тоқаев билік басына келгелі әлеуметтік саясатқа көп көңіл бөліп келеді. Оған қазақстандықтардың несиелерін кешіру мысал бола алады. Бұдан бөлек, бизнесті қолдау мен сыбайлас жемқорлықпен күресті басым міндеттердің қатарына қоюдың маңыздылығын атап өтті. Ал Бундестаг депутаты Манфред Грунд президент Тоқаевтың «естуші мемлекет» тұжырымдамасын алдыңғы қатарға қойып, дұрыс шешім қабылдады дейді.

Манфред Грунд, Бундестаг депутаты:

– Президент Тоқаев болашақты бағдарлап, одан әрі даму қажеттігін айтады. Әсіресе, халықпен барлық деңгейде диалогты күшейту керек дейді. Бұл өте дұрыс. Шенеуніктер халықты ести білгені жөн. Оның көппартиялықты дамыту мен сот жүйесінде реформалар жүргізу туралы ұсынысы да өте маңызды. Мен бұл демократияны нығайтуға бағыт дер едім. Президент Тоқаевтың алға қойған маңызды міндеттерінің бірі - сыбайлас-жемқорлықпен күрес. Біз бұл істе өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы