389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің 100 күндік қызметіне қатысты шетелдік сарапшылар не дейді

  • 211
  • UPD: 17:55, 19.09.2019

Президенттің 100 күндік қызметіне қатысты шетелдік сарапшылар да пікір білдіріп жатыр.

Солардың бірі – Ресей ғылым академиясына қарасты әлемдік экономика және халықаралық қатынастар орталығының жетекшісі Эдуард Соловьев. Оның айтуынша, 100 күн – түбегейлі өзгеріс үшін аз уақыт. Алайда осы уақыт ішінде бірқатар салада бетбұрыс байқалады, дейді ресейлік маман.

Эдуард Соловьёв, Ресей ғылым академиясы әлемдік экономика және халықаралық қатынастар орталығының жетекшісі:

– Жүз күн – айтатын болсақ, бұл макроэкономикалық және макросаяси өзгерістер үшін өте аз уақыт. Дегенмен, белгілі бір дәрежеде трендтер айқындалды. Экономикалық саясат, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты жекелеген бағыттарды атап өтуге болады. Президент Тоқаевтың жолдауындағы алғашқы бөлімінде саясатқа басымдық берілуі бекер емес. Яғни саяси трендтер трансформацияға ұшырайтын сыңайлы.  Азаматтық қоғамның мемлекеттегі проблемаларды шешуге араласуы Тоқаев мырзаның үлкен саясаткер ретіндегі дәрежесін нықтай түсті. Ол қазақстандықтардың мүдделері мен қажеттіліктерін дөп басып қана қоймай, әлемдегі саяси коммуникациялық дағдарысты жақсы түсінеді. Сондықтан реформалар арқылы Қазақстандағы саяси процестерді реттеуге тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы