389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент қолға алған жұмыстардың нәтижесін халық 2020 жылдан бастап толық сезіне түспек

  • 248
  • UPD: 18:50, 19.09.2019

Президенттің сайлаудан кейінгі 100 күні саяси маңызға ие қос бірдей құжатпен ерекшеленді.

Оның бірі - сайлауалды бағдарламасы. Екіншісі - халыққа арнаған жолдауы. Бұл құжаттарда халықтың талабы толық ескерілген. Әсіресе, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға басымдық берілді. Жерлерді тиімді игеру үшін жауапты мемлекеттік орган басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Бұл да қордаланған мәселе еді. Жасалған һәм жасалатын реформалардың нәтижесін халық 2020 жылдан бастап толық сезіне түспек. Саясаттанушылар осындай пікірде. Сарапшылардың тағы бірі «Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі адамдардың жас ерекшелігін де жақсы сабақтастыра алды» деп отыр.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

Президент қолға алған жұмыстардың нәтижесі жаңа жылда барынша көрінеді. Президент халықпен байланысқа қазір ерекше көңіл бөліп жатыр. Ол үшін заманауи коммуникация құралдарын пайдалануда. Бүгінгі дәуірдің талабы да сол. Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық мәселеге де барынша ден қойды. Талаптарына сәйкес келетін азаматтарды жауапты қызметтерге қойып жатыр. Іріктеу жүруде. Себебі жаңа реформалар жүзеге асу үстінде. Мемлекет басшысы мұндай қарқынмен тиімді атқарушы билік құра аларына сенімдімін.

Андрей Чеботарев, саясаттанушы:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы 100 күні позициясын бекітуге арналды. Себебі - ол мемлекеттік қызметтің баспалдағынан, ірі мектептен өтсе де, халықаралық аренаға танылса да, елдің тізгінін ұстап, тұтас бір мемлекетті басқару аса жауапкершілікті талап етеді. Барлығы сауатты түрде іске асып жатыр. Оған қоғам куә. Қасым-Жомарт Тоқаев ең бастысы коммуникабельді тұлға екендігін танытты. Ол Twitter-де өте белсенді. Тағы бір айта кететін жағдай - Арыс оқиғасы. Қоғам арасында қызу талқыланған осы бір жәйттен кейін президент бірден Арысқа аттанды. Барлығын өз көзімен көріп қайтты. Қаланы қалпына келтіруді тапсырды. Бүкіл жұмысты өзінің тікелей бақылауына алды. Мемлекет басшысының бұл қадамын да халық оң бағалады. Бұдан бөлек, жолдауын Парламент сессиясында жариялап, ерекшеленді. Бұл тіпті халықаралық тәжірибеде бар. Осындай жағдайларды Қасым-Жомарт Тоқаев өте жақсы ескеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы