389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев қысқа уақытта ішкі және сыртқы саясатта оң бастамаларды іске асырды - саясаттанушы

  • 250
  • UPD: 23:35, 19.09.2019

Ел басқаруда 100 күн көп уақыт емес.

Десе де, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерзімде қоғамда саяси тұрақтылық пен келісім орнатып, ішкі және сыртқы саясатта оң бастамаларды іске асырды. Түріктің белді саясаттанушы ғалымы Күршат Зорлу осылай есептейді.

Күршат Зорлу, саясаттанушы:

- Қасым- Жомарт Тоқаев 100 күнде жүзеге асырған ішкі саясатта «халық үніне құлақ асатын президент» тұжырымдасымен жағдайы төмен азаматтардың борышын азайту туралы бастамасы бірқатар елге үлгі. Аталмыш әлеуметтік-саяси әрі экономикалық реформаларды бүгінде тек дамыған мемлекеттер ғана жасай алады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлының Арыс оқиғасындағы әрекеті шұғыл жағдайларда лайықты шешім жасай алатын әрі алдыңғы шепте бола алатын тиімді дағдарыс менеджері екенін паш етті. Халықаралық деңгейде жүргізген саясаты, Қазақстанның инвестиция салуға ыңғайлы әрі сенімді ел екендігін көрсетті.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

Хабар 24 телеарнасы