389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру дұрыс шешім болды – Шереф Малкоч

  • 200
  • UPD: 10:35, 20.09.2019

Қазақстан президенті 100 күн ішінде елдегі демократиялық дамудың жарқын көрінісін паш етті.

Бұл Түркия Республикасының Бас Омбудсмені Шереф Малкочтің пікірі. Уәкілдің айтуынша, мемлекет басшысының бастаған реформалары елдегі билік пен қоғам арасындағы диалогты бекемдеп, тұрақтылықты жаңа деңгейге көтереді. Бұл да өз кезегінде, ел экономикасына қысқа уақытта елеулі үлес қосады. Бұдан бөлек Бас Омбудсмен Тоқаевтың «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруы - заман талабына сай жасалған дұрыс шешім» деп атады.

Шереф Малкоч, Түркияның бас омбудсмені:

- Қазақстандағы реформалар әрқашан да бізді қуантады. Ағымдағы күндерде жарияланған жолдау да елдегі әлеуметтік дамуды жаңа деңгейге жеткендігін көрсетеді. Түркия да бұл жолдардан өтті. Біздің бұл салада 200 жылдық тәжірибеміз бар. Мұны бауырлас елмен бөлісуге әрқашан да дайынбыз. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің тиімділігін арттыру -  халықпен кері байланыс орнатуда ең маңызды фактор. Білікті маман сапалы қызмет көрсетумен қатар мемлекеттік бюджетті үнемдейді. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы біледі. Осы себепті алғашқы күннен бастап реформаларды осы бағытқа бұрды. Бұдан бөлек елде құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен митингтер туралы заңнаманы жетілдіру - демократиялық дамудың жарқын көрінісі.

Хабар 24 телеарнасы