389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 100 күнде Қазақстан-Корея арасындағы серіктестік нығайды – Сон Гым Ён

  • 197
  • UPD: 15:20, 20.09.2019

Қазақстан басшысының алғашқы саяси қадамдарын, еліміздегі Корея Республикасының бұрынғы кеңесші-елшісі Сон Гым Ён жоғары бағалады.

Оның пікірінше, ішкі саясатта Қасым-Жомарт Тоқаев құрылымдық мемлекеттік реформаны бастады, экономикалық дамуына, қоғамның бірігуіне және азаматтардың қауіпсіздігіне зор ден қойды. «Дұрыс бағыт таңдалғанын Қазақстанның даму көрсеткіштері көрсетеді» дейді Сон Гым Ён. Осы жылдың сегіз айында ел экономикасы 4,3 процентке өсті. Сарапшының айтуынша, жаһандық экономиканың ауыр жағдайының аясында бұл керемет нәтиже. Дипломаттың айтуынша, Президент Тоқаевтың сыртқы саясаты практикалық және теңгерімді болды. Қазақстан басшысы Ресей мен Қытайда болып, Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты. Сон Мемлекет басшысының күш-жігері шетелден соның ішінде Оңтүстік Кореядан да инвестициялардың ұлғаюына әкелетініне сенімді.

Сон Гым Ён, Қазақстандағы Корея Республикасының бұрынғы кеңесші-елшісі:

- Өткен 100 күнде Корея мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік айтарлықтай нығайды. Осы жылдың сәуір айында Президент Мун Чже Ин Қазақстанға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бірнеше күн бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Оңтүстік Кореяда болды. Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Корея-Орталық Азия» форумы өтеді және мен келесі жылы Президент Тоқаев Корея Республикасына келеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы