389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс төрағасы қытайлық әріптесі Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді

  • 225
  • UPD: 13:44, 22.09.2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қытайлық әріптесі Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаншумен кездесу өткізді. Палата Спикері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшылығы негізін қалаған елдеріміз арасындағы сенімді саяси диалог, тығыз экономикалық байланысқа айрықша назар аударды. Сондай-ақ, Н. Нығматулин Қытайға тұңғыш мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арасында жасалған келіссөздер Қазақстан мен Қытай қатынасын мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізгенін жәнебіздің мемлекеттеріміз ынтымақтастығында жаңа тарихи кезең басталғанын атап өтті. Өз кезегінде мәртебелі мейман қос мемлекет арасындағы ынтымақтасық деңгейін өте жоғары бағалады. Ли Чжаньшу Қытай келешекте де өз даму жолы бар Қазақстанның гүлденуіне ниеттес бола отырып, алдағы уақытта да біздің еліміздің халықаралық аренада салмақты рөл атқаруына қолдау көрсететіндігін жеткізді. Осы ретте Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы жақында мемлекеттер басшылары қол қойған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеменің маңыздылығына тоқталды. Мәжіліс Төрағасы екі ел ықпалдастығын одан әрі тереңдетуде парламентаралық байланыстың маңызы зор екенін айтты. Осыған орай, тараптар заңнамалық, әсіресе, реформалар мен инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету бағытында тәжірибе алмасуға келісті. Кездесу барысында Н. Нығматулин Ли Чжаньшу бастаған делегация сапары елдеріміздің көпжақты әріптестігі мен тату көршілікті нығайтуға ерекше ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасы ресми сапардың Қытай Халық Республикасы құрылуының 70 жылдық мерейтойымен сәйкес келгенін алға тартып,достас Қытай еліне өркениет пен бақ-береке тіледі.

Ақпарат көзі: parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы