389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламентте «Қазақстан – Еуроодақ» достық тобы құрылды

  • 235
  • UPD: 20:49, 22.09.2019
Еуропарламентте «Қазақстан – Еуроодақ» достық тобы құрылды

Еуропалық парламентте «Қазақстан – Еуроодақ» достық тобы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлестіктің мақсаты – Қазақстан мен Одақ арасындағы байланысты кеңейтіп, нығайту. Оның құрамына Польша, Латвия, Болгария және өзге де еуропалық елдердің белді депутаттары кірді. Келешекте топтың қатары ұлғая бермек. Бірлестіктің алғашқы отырысында еліміздің Еуроодақ және НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы Айгүл Құспан сөз сөйледі. Ол шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуда көп жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

Рышард Чарнецкий, «ҚазақстанЕуроодақ» достық тобының басшысы:

- Қазіргі уақыт Еурокомиссия мен Одақ дипломатиясының жаңа басшысын тағайындауға байланысты осындай топты құрудың нағыз қолайлы сәті деп ойлаймын. Бұл қадам екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы