389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында климат жөніндегі саммит өтеді

  • 225
  • UPD: 20:33, 23.09.2019

Бүгінгі Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында климат жөніндегі саммит өтеді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен тұтастай қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі отырыс ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, осы жиындардың біріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланып отыр.

Нью-Йоркте таңғы сағат тоғыз. Демек дәл қазір АҚШ-тың ғана емес, жалпы әлемнің қаржы және саяси орталықтарының бірі Нью-Йоркте қарбалас тіршілік енді ғана басталып жатыр. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шаһарға кеше ұшып келді. Бүгін дәл осы қазіргі сәтте Президент америкалық сарапшы, саяси топ өкілдерімен, «Atlantic council» ұйымының мүшелерімен кездесу өткізіп жатыр. Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі тығыз. Бір күннің ішінде 5 бірдей жиын өткізеді. Ең сүбелісі кешке америкалық бизнес капитандармен болады. Оған АҚШ-тың «Tyson Fresh Meats», «500 Startups», «JPMorgan Chase», «Plug`n Play», «Amazon Web Services», «Royal Dutch Shell Plc» сынды компанияларының басшылары қатысады. Біздің ойымызша, дәл осы жиынның маңызы ерек, әсіресе экономмикалық тұрғыда зор мәнге ие болмақ. Кездесуде көтерілетін негізгі мәселе Қазақстанға америкалық инвестиция ағынын арттыру болады. Оларды рет-ретімен ертеңгі жаңалықтар шығарылымына беретін боламыз. Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 74-сессиясына ертең қатысады. Бүгін инвесторлармен әріптестікті арттыру мәселесін қарастырса, ертең әлемдік қауымдастық алдында маңызды мәлімдеме жасайды. Президент баяндамасында жер шарындағы климаттық проблемалар, тұрақты даму жолдары, кедейлікті жою сынды жайттарға қатысты қазақстандық ұстанымдар атап көрсетіледі деп күтіліп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, 74-сессия отырысына елімізден ауқымды делегация өкілдері келді. Арасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бар екен. Ол денсаулық сақтау мәселелеріне арналған отырысқа қатысып, мәлімдеме жасауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы