389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы парламентарийлерді халықаралық саясатта белсенді болуға шақырды

  • 149
  • UPD: 13:34, 24.09.2019

Парламентаралық байланысты заң шығарушылық деңгейге дейін нығайтып, өзара иық тіресе жұмыс жасау керек.

Сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруына тыйым салып, әлемдік бейбітшілікті ту етуге күш жұмылдыру қажет. Еуразия – әлемдік өркениеттің дамуына серпін берген құрлық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV отырысында осылай деді.

Елбасы сондай-ақ 14 халықаралық ұйым мен 60-тан астам елден келген делегаттарға Қазақстанның осы мақсаттарға бағытталған экологиялық, экономикалық, саяси, діни және мәдени жетістіктерін айтты. Мәселен, тәуелсіздік алған жылдан бері елдің жалпы ішкі өнімі 18 есе өскен. Кедейлік деңгейі 10 есеге төмендеді. Осы күнге дейін 320 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды. 15 мың шақырым жол салынып, көрші елдердегі ірі сауда нарықтарына жол ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД мен Шығыс Еуропа елдері ішінде тұңғыш рет «жасыл экономика», баламалы қуат көздерін дамыту тақырыбына арналған EXPO халықаралық көрмесін өткізді.

Хабар 24 телеарнасы