389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Латын қарпіне көшу әлемдік мәдениетпен ұштасу үшін маңызды

  • 238
  • UPD: 11:40, 24.09.2019
Елбасы: Латын қарпіне көшу әлемдік мәдениетпен ұштасу үшін маңызды bnews.kz

Еуразия елдері парламент спикерлерінің 4-кеңесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. 

«Әлемде болып жатқан жағдайларға Қазақстан этникалық келісім мен толеранттық үлгісі ретінде нәтижелі өнеге көрсете алады. Қазақ тілінің латынға кезең-кезеңімен ауысуы әлемдік мәдениетпен ұштасуы үшін өте маңызды. Мыңдаған жастарымыз 1993 жылы жарияланған «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлем университеттерінде мемлекет есебінен білім алды. Ендігіде он мыңдаған дайын маман елге оралып, жұмыс істеп жатыр», – деді Н.Назарбаев. 

Сондай-ақ ол әлемдік деңгейдегі танымал оқу орындарының құрылуын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы