389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Оманның Аш-Шура меджлисінің спикерімен кездесті

  • 185
  • UPD: 21:10, 24.09.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оманның Аш-Шура меджлисінің спикері Халид Аль-Мауалимен кездесті.

Қазақстан бұл сұлтанатпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, оны одан әрі дамытуға мүдделі. Елбасы екеуара әңгіме барысында Халид әл-Мауалиге осылай деп айтты. «Бүгінде қос мемлекет арасындағы сауда-саттық төмен. Бұған логистиканың жоғы себеп. Қазіргі уақытта біз Каспийден Иранға дейін темір жол салдық. Енді тауарды тез жеткізу мүмкіндігі туып отыр. Сол себепті арадағы алыс-беріс пен барыс-келісті жандандыру керек» деді Тұңғыш Президент.

Хабар 24 телеарнасы