389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразия елдері парламенттері төрағалары кеңесінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады

  • 217
  • UPD: 21:12, 24.09.2019

Кеңес қорытындысы бойынша Еуропа және Азия елдері Парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме жасады.

Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеяның авторы және бастамашысы ретіндегі тарихи рөлін арнайы құжатпен бекіттті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл Елбасыға көрсетілген үлкен құрмет дейді.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған Еуразия идеясы көптеген жобаларда өз жалғасын тапты. Бүгінгі форумға келетін болсақ, бүкіл Еуропа мен Азия елдері Парламенттерінің спикерлері бірлескен мәлімдеме қабылдап, осы құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеяның авторы және бастамашысы ретінде тарихи рөлін бекітті. Бұл шын мәнінде, Елбасымыздың, бүкіл Қазақстанымыздың жоғары халықаралық абырой-беделінің көрсеткіші.

Хабар 24 телеарнасы