389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының жалпы дебаты басталды

  • 176
  • UPD: 23:41, 24.09.2019

Қазір бүкіл әлем назары Нью-Йоркте. Америка Құрама Штаттарында Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясы 74-сессиясының жалпы дебаты басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жиынға жергілікті уақыт бойынша түстен кейін қатысып, баяндама жасайды. Президент өз баяндамасында жаһандық мәселелерді шешуге арналған қазақстандық бастамаларды таныстырады. Әзірге Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы және Бразилия мен АҚШ президенттері әлемдік ахуалдарға қатысты өз пікірлерін білдіріп үлгірді. Өз сөзінде Дональд Трамп Иран мәселесіне жеке тоқталды.  

Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттарының президенті:

- Америка Құрама Штаттары менің басшылығыммен қарулы күштерін әлемдегі ең қуатты деңгейге жеткізді. Бірақ оны қолдану қажет болмайды деген үміттемін. Егер сіздер бейбітшілікті қолдасаңыздар, елдеріңізді шексіз сүйе біліңіздер. Иран лаңкестерді қолдауын жалғастырып келеді. Сондықтан оған қарсы санкциялар күшейтіліп жатыр. Жаппай қырып-жою қаруы жөніндегі келісімнен шығуымыздың бір себебі осы. Америка барлық мемлекетпен дос болуға дайын. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, Швейцария, Польша, Грузия, Болгария және Финляндия президенттерімен келіссөз жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы