389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Р.Радевпен кездесті

  • 194
  • UPD: 00:20, 25.09.2019

Қазақстан Президенті Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді.

Көшбасшылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында сындарлы диалог орнағанына тоқталып, еліміздің Болгариямен өзара іс-қимылды одан әрі қарқынды дамыта түсуге ниетті екенін айтты.

– Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясын Елшілік ретінде қайта құру туралы шешім қабылданғанын білесіздер. Өкілдігіміздің мәртебесін арттыру және Елшіні тағайындау Қазақстан мен Болгария қарым-қатынастарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы болгарлық компанияларды Қазақстанда жұмыс істеп, кейіннен осы өңірдің нарығына шығуға шақырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы