389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева бірқатар мемлекеттің парламент басшыларымен кездесу өткізді

  • 216
  • UPD: 23:42, 24.09.2019
Д.Назарбаева бірқатар мемлекеттің парламент басшыларымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Еуразия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесінің аясында Қырғызстан, Беларусь, Оман, Қатар және Түрік Республикасы парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналып отыр. Шараға Еуропа мен Азияның 65 елінен парламенттік делегациялар мен халықаралық парламенттік 14 ұйымның өкілдері қатысуда. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Дастан Жұмабековпен кездесуде екі ел арасындағы қатынастардың ауқымды мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы