389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева бірқатар елдің парламент басшыларымен кездесті

  • 218
  • UPD: 11:44, 25.09.2019
Дариға Назарбаева бірқатар елдің парламент басшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі аясында Қырғызстан, Беларусь, Біріккен Араб әмірліктері, Оман, Катар және Түрік елдерінің парламенттері басшыларымен кездесті.

Кездесуде елдер арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамыту және бейбітшілік пен келісімді нығайта түсу мәселелері айтылды. Тараптар еуразиялық кеңес жұмысының нәтижелі болғанын айтты. Еуропа және Азияның 65 елінен келген парламенттік делегациялар  мен 14 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері келелі мәселелерді бірлесе талқылады. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева әріптес елдердің парламент басшыларына Қазақстанның халықаралық бастамаларына әркез қолдау көрсетіп отырғандары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, кеңес еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналды.

Хабар 24 телеарнасы