389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың БҰҰ БА-ның 74-сессиясында сөйлеген сөзінің мәтіні

  • 240
  • UPD: 14:55, 25.09.2019
Қ.Тоқаевтың БҰҰ БА-ның 74-сессиясында сөйлеген сөзінің мәтіні

Мемлекет басшысы биік мінбердегі баяндамасын қазақ және ағылшын тілдерінде жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық жиында айтқан сөздерін ҚР Президентінің баспасөз қызметі ресми сайтында жариялады.

Құрметті Төраға мырза!

Жоғары Мәртебелі делегация басшылары!

Қадірлі ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының биік мінберінен үндеу жолдау – мен үшін зор мәртебе.

Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі барша адамзаттың мұң-мұқтажын қорғайтын баламасы жоқ бірегей әрі әмбебап ұйым және әрдайым солай болып қала береді.

Адамзатты талай сын-қатер мен қантөгістерден сақтап келе жатқан Ұйымның негізі қаланғанына келесі жылы 75 жыл толады.

Бүгінде Ұлттар ұйымы ғаламдық даму және өркениеттер сабақтастығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарып келеді.

Бас хатшы Антонио Гутерриштің әр адам мен мемлекет тағдырын ортақ құндылық деп тауып, назардан тыс қалдырмау идеясын Қазақстан толық қолдайды.

Алайда, қазіргі таңдағы геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерге қатысты алаңдаушылығымызға толық негіз бар.

Бұл жағдай 2030 күн тәртібін жүзеге асыру мақсатындағы бірлескен іс-әрекеттеріміз үшін күрделі сынақ екені айқын.

Хабар 24 телеарнасы