389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев қауіпсіз әлем құрудың жаңа жолын көрсетті – сарапшы

  • 174
  • UPD: 19:28, 25.09.2019

Әлемдегі кей елдер ядролық қаруды өзгеге сес көрсететін «қолшоқпар» қылып ұстап отыр.

Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында біздің президент «осы жаппай қырып-жою қаруынан түбегейлі бас тарту керек», - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесіне жеке тоқталып, жаһандық деңгейдегі түйткілдерді тек бейбіт жолмен шешудің маңызын атады.

Алмас Арзықұлов, ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Адамзатты қырып-жою құралының жоғалтудың өзі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұдан басқа, президент Орталық Азияға қатысты көп айтты. Бұл жерде мысалы Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы, экономикалық мәселелер, климаттық, су мәселесін айтып өтті. Бұл өз шешімін тапса, әрине, өз аймағымызда адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы