388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иорданияның Сенат басшылары Таяу Шығыстағы түйткілдерді талқылады

  • 165
  • UPD: 23:03, 25.09.2019

Дариға Назарбаева аймақтағы жағдай қазір шиеленісіп тұрғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сириядағы шиеленісті реттеу үшін елордада бірнеше кездесу өткен. Шам еліндегі ахуалды жақсартуға бұл келіссөздердің оң ықпалы еткені сөзсіз. Осы күні 1 млн 300 мың сириялық Иорданияға үдере көшкен. Оларға гуманитарлық көмек көрсету үшін Корольдік 1 млрд 300 млн доллар көлемінде қаржы жұмсаған. Еуразия құрлығындағы осы тектес түйткілдерді Дариға Назарбаева Бахрейн, Кипр, Кувейт, Жапония, Германия, Сербия және Черногория парламенттері өкілдерімен де талқылап, елдер арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамыту жайын сөз етті.

Шетелдік меймандар елордада өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысуға келген. Дариға Назарбаева әріптестеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларына әркез қолдау көрсетіп жүргендері үшін алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы