389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Молдова президенті Игорь Додонмен кездесті

  • 159
  • UPD: 23:43, 25.09.2019

Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы