389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті Люксембург премьер-министрімен кездесті

  • 233
  • UPD: 23:23, 25.09.2019
Қазақстан президенті Люксембург премьер-министрімен кездесті akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург премьер-министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ксавье Беттель ғарыш өнеркәсібі, қаржы қызметтері, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы