389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың БҰҰ-да көтерген тақырыптарын Түркия жұрты қолдайды

  • 266
  • UPD: 14:26, 26.09.2019
Қ.Тоқаевтың БҰҰ-да көтерген тақырыптарын Түркия жұрты қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мінберінде көтерген тақырыптарын түрік жұрты қолдайды.

Бұл Түркияның Халықаралық стратегия, аймақтық қауіпсіздік, энергетика және экологиялық дипломатия маманы Октай Танрысевердің пікірі. Оның сөзінше, Қазақстанның тек аймақтық ғана емес, әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешуде көшбасшы мемлекеттердің бірі. 

Октай Танрысевер, халықаралық стратегия, энергетика және экологиялық дипломатия маманы:

- Тоқаев БҰҰ мінберінде диалог тақырыбын жіті қозғады. Мәміленің ел ішінде билік пен халықты жақындастырса, халықаралық деңгейде бірқатар тақырыптың түйінін тарқататынын жеткізе білді. Бұл ретте елінің Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайларға қатысты ұстанымын айтып, ағымдағы жылы ұйымдастырылған «Жусан» операциясының тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Қазақстанның экстремизмге күресі барысында радикал топтарға кірген азаматтарын қорғауы үлкен жетістік әрі үлгі боларлық әрекет. Мұны әлемде тек бірнеше ел ғана тәжірибе еткен. Бұл операциялар алдағы уақытта Қазақстанның лаңкестікке қарсы күресте алдыңғы қатарлы елге айналатындығын көрсетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы