389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев: Жак Ширак көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады

  • 249
  • UPD: 22:31, 26.09.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жак Ширак көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады Life.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты Франция халқына көңіл айтты.

«Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады», – деп жазды Президент твиттер парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы