389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев: Президенттің АҚШ-қа іссапарының еліміз үшін маңызы зор

  • 238
  • UPD: 14:13, 27.09.2019
Д.Абаев: Президенттің АҚШ-қа іссапарының еліміз үшін маңызы зор sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барған сапары туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасында өткен «Ашық әңгіме» бағдарласында айтып берді.

«Президенттің АҚШ-қа сапары сәтті өтті. Ол жақта Қасым-Жомарт Тоқаевты бірнеше себепке байланысты үлкен қызығушылықпен қарсы алды. Біріншіден, біздің президент – Біріккен Ұлттан Ұйымының Бас хатшысының орынбасары қызметіндегі тәжірибесі бар мықты дипломат. Сондықтан Манхэттендегі кездесуде өзінің достарымен және бұрынғы әріптестерімен де жүздесті. Осы жерде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жылы шыраймен қарсы алғанын айта кету керек», – дегенді алға тартты Д.Абаев.

Министр мемлекет басшысының баянадамасында халықаралық маңызы бар мәселелермен қатар Қазақстанның ішкі дамуы туралы да мәселелер қозғалғанын айтып өтті.

«Менің ойымша, президент өзінің сөйлеген сөзі арқылы халықаралық ұйымға еліміздің демократиялық реформаларға дайын екендігін көрсетті», – деді Абаев.

Бұл мемлекет басшыларының бір-бірімен келіссөздер жүргізуіне жақсы мүмкіндік болғанын да тілге тиек етті.

«Президент маңызды кездесулерге қатысты. Соның ішінде Дональд Трамппен кездесуін ерекше айта кету керек. Жалпы алғанда, президент экономикадағы және саясаттағы бізбен тығыз дипломатиялық қарым-қатынастағы мемлекеттердің басшыларымен кездесті. Сондықтан бұл іссапардың еліміз үшін маңызы зор», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы