389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты пікірін білдірді

  • 208
  • UPD: 14:26, 27.09.2019
Д.Абаев Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты пікірін білдірді kapital.kz

Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде Елбасының Еуразия аумағындағы интеграциялық процестерді нығайтуға қосқан үлесін 65 елдің парламенті мойындады.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасында өткен «Ашық әңгіме» бағдарласында мәлімдеді.

«Осыған дейінгі Парламент спикерлерінің кеңесі Мәскеуде, Сеулде, Антальяда өткен болатын. Біздің еліміз осындай ірі іс-шараны өткізген төртінші қала болды. 65 елдің және 14 халықаралық ұйымның біздің елге жиналуы көп нәрсені аңғартады», – деді Дәурен Абаев.

Кеңес барысында 18 пунктен тұратын ауқымды қорытынды өтінімге қол қойылғанына да тоқталып өтті.

«Аталған қорытынды өтінімге барлық 65 мемлекет келісуі керек. Сол өтінімнің ішінде барлық мемлекет Нұрсұлтан Назарбаевтің әлем бойынша диалог құрудағы тарихи рөлінің зор екендігін бір ауыздан қолдады», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы