389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады

  • 264
  • UPD: 20:45, 30.09.2019

Бірінші қазанда Армения астанасы Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Оған одаққа мүше мемлекеттердің басшылары түгел қатысады деп жоспарланып отыр.

Арасында әрине мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Ереван ертеңге әзірлік жүргізіп жатқанда, сарапшылар жай отырмай, саммиттің салмағын сарапқа салды. Сонымен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысынан не күтеміз? 

Гүлжан Марқабаева, тілші:

- Еуразиялық экономикалық одаққа Армения сәл кейін келіп қосылды Бірақ бұл, елдің еуразиялық бірлестікке деген енжарлығын аңғартпаса керек. Экономикалық одққа ресми Ереван бір жыл төрағалы етті. Және ол жемісті өтті деуге әбден болады. Сарапшылар ертеңгі Ереван саммиті маңызы мен құрамы жағынан одақ үшін таихи оқиға болады деп бағала отыр. 

Себебі бұл кеңеске бірлестіктегі бестіктің басшыларынан бөлек Иран президенті Хасан Рухани мен Сингапурдың премьер-министрі Ли Сянь Лән қатыспақ. Ал ертеңгі саммитің басты құжаты – Еуразиялық ээкономикалық одқ пен Сингапур арасында қол қойылатын Еркін сауда аймағы туралы келісім болмақ. Сарапшылар егер бұл келісімге қол жеткізілсе, экономикалық одақ үшін оң әсері болатынын айтып отыр. Ол белгілі де, себебі Сингапур әлемдегі аса ірі қаржылық хаб ғана емес, инвестициялық портфелі бай елдердің бірі. Экономикалық әлеуметі бәріне аян Сингапурмен серіктестік тауар, қызмет және инвестициялық тетіктердің төңірегінде болмақ.

Виген Акопян, саясаттанушы:

- Бізге бұл құжат қажет. Бірақ бұл бізге ғана емес, Сингупар үшін де керек келісім. Себебі оларға нарық керек. Ал Еуразиялық экономикалық одақ – бұл 200 млн тұтынушысы бар алып нарық. Сингапур секілді жоғары технологиясы дамыған мемлекетке Еуразиялық кеңістік нарығына ену үлкен экономкалық мүмкіндік, себебі нарық бос, әзірге бәсеке болар ешкім жоқ. Жалпы Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігін өкінішке қарай ешкім барынша бағалап отырған жоқ әлі. 

Саясаттанушы Виген Акопян бұл шешім - Еуразиялық эконмикалық одақ үшін де үлкен  сынақ екенін айтады. Себебі Сингапур АСЕАН секілді алып бірлестікке мүше. Демек, 600 млн жуық халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының қақпасы бестік бірлестік үшін айқара ашылмақ.  

Виген Акопян, саясаттанушы:

- Кез келген экономикалық кереметтер үшін тек мемлекет басшысының саяси ерік-жігері жеткіліксіз. Мұндай қадамды қоғаммен бірлесіп жасау қажет. Тұтас қоғам өзгерісті қаласа, экономикалық реформалар әлдеқайда тиімді болар еді. Ол үшін біз жылдар бойғы жайлы әрі қалыпты ортадан бас тартуымыз қажет деп ойлаймын. 

Сонымен ертең Ереванда бес елдің басшысы бір үстелге жайғасып, экономикалық одақ кеңістігіндегі кедергілерді талқылап, кейбірі бойынша келісімге келеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін бүгін Ереванға Қасым-Жомарт Тоқаев ұшып келеді. Саммиттің аясында мемлекет басшысы бірқатар екіжақы кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Кеңеске келген мемлекет басшылары әуелі шағын, сосын кең құрамда кездеседі. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қойылмақ. Оның ішінде, бірыңғай қаржылық нарық құру туралы тұжырымдама, экономикалық одақтың бюджеті туралы құжаттар бар. Бұл жайында енді ертең. 

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Әлібек Әлиев, Дулат Ентебеков

Хабар 24 телеарнасы