389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға азаматтары визасыз қатынайтын елдер саны артты

  • 226
Қазақстанға азаматтары визасыз қатынайтын елдер саны артты

Қазақстанға тағы 12 мемлекеттің азамататтары визасыз кіретін болды. Үкіметтің арнайы қаулысы бүгін күшіне енді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын. Бұл тізім еліміздің саяси, экономикалық және инвестициялық мақсат-мүдделерін негізге ала отырып кеңейтілді. Тек 2005-2018 жылдар аралығында елімізге ол елдерден 876 млн АҚШ доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бахрейн, Ватикан, Ветнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Ихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Тайланд және Филиппин. Қаулымен аталған елдердің азаматтары үшін егер олардың Қазақстан Республикасында болу кезеңі, Қазақстан  шекарасынан өткен күнен астап 30 күнтізбелік күнен аспайтын болса визасыз кіру және шығу құқығы берілген. Визалық формалдылықты жою шетелдік инвесторлардың бизнесмендер мен туристерлдің санын арттыруға бағытталған. Визалық режимді жеңілдету Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы