389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен кездесті

  • 176
  • UPD: 22:42, 01.10.2019

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аяқталысымен Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестікті сипаттауға ешқандай әсіре сөздің қажет еместігін айта келе, қос мемлекетті ортақтастыратын мүдделердің көптігін де тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біздің елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті сенімді сипаттап шығу үшін ешқандай қызыл сөз керек емес. Біз одақтас елдерміз. Біздің мүддеміз орта, көздегеніміз бір.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

- Сіз бүгін қауіпті экономикалық болжамдар жайында айттыңыз. Брақ біз бір бірлестікке отырып, оларды жеңіп шығуымыз қажет. Біз серіктестікті тереңдете түсуге келістік. Және ол тек қана сауда-экономикалық салаға қатысты емес.

Хабар 24 телеарнасы