389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу Мәжіліс отырысында мақұлданды

  • 176
  • UPD: 12:28, 02.10.2019
Кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу Мәжіліс отырысында мақұлданды вести

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысын, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды.

Заң жобасында 5 кодекске, оның ішінде жер, бюджет, қылмыстық процестер, азаматтық процестік және салықтық кодекстерге және 12 заңға, оның ішінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы, Қорғаныс және қарулы күштер туралы, Сыртқы барлау туралы, ҚР астанасының мәртебесі туралы және т.б. заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Аталған заң жобасы шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге берумен байланысты фискалдық орталықтандыру шеңберінде бюджетаралық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметіне және  сыртқы барлау қызметінің қайта құруларымен байланысты ҚР заңнамасына сәйкестендіруге бағытталған»,- деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.

Айтуынша, экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын қабылдап, 2020 жылдың қарашасына дейін қорытынды әзірлейді.

Авторы: Д. Доспан

Хабар 24 телеарнасы