389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанның бейбітшілік жолындағы еңбегін жоғары бағалады

  • 190
  • UPD: 17:47, 02.10.2019

«Қазақстан әскери қимыл жүріп жатқан аймақтардан 600 адамды қайтарды, олардың көбісі – әйелдер мен балалар».

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Элис Уэллс хабарлаған. АҚШ мемлекеттік департаменті аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау бойынша еліміздің жасап жатқан еңбегін жоғары бағалап, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты «С5+1» форматында өткен сыртқы істер министрлерінің кеңесуіне ерекше мән беріліп отыр. Бұл басқосуда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің министрлерімен кездескен. Элис Уэлстің мәлімдеуінше, АҚШ жасақшылардың туыстарын қауым өміріне қайта ендіру бойынша Орталық Азияға қандай техникалық жәрдем беру мәселесіне көңіл бөліп отыр. Сондай-ақ ол брифингте Қазақстанда терроризмге қарсы жаһандық форум аясында өтетін «Ақылды қалалар» конференциясын да атап өтті. «Өз азаматтарын қайтарып, оларды қалай қоғамға ендіргені туралы ақпарат білу бізге өте пайдалы болмақ», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы