388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

  • 286
  • UPD: 16:36, 04.10.2019
Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысының өкімдерімен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне, Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ақпаратты ұсынған: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы