389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек

  • 249
  • UPD: 20:35, 06.10.2019
Қ.Тоқаев: Біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек

Біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Сочиде өткен Валдай форумына қатысты осындай пікір білдірді. Бұл туралы Президент өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Жуырда Сочиде өткен Валдай форумында әлемдік саясаттағы Шығыс пен Еуразияның рөлі туралы қызу пікірталас өрбіді. Сонда Қазақстанның да, Ресейдің де Азия мен Еуропаның ортасында жатқан еуразиялық мемлекеттер екенін мәртебелі сарапшылардың естеріне салуыма тура келді. Біз географиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да, менталдық ерекшелігімізбен де байланғанбыз. Осының бәрі саясатқа, өмір салтымызға, халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің тағдырына ықпал етеді. Иосиф Сталиннің өмірбаянынан мына бір дерек орынды мысал болса керек. 1940 жылы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдайды. Сонда Сталин Жапонияның Совет Одағына шабуыл жасауы ықтимал екенін біле тұра «Біз, азиаттар, бірге болуымыз керек» деген екен. Әрине мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісем: біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы