389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесті

  • 150
  • UPD: 23:21, 07.10.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның вице-президенті Илияна Йотованы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, Болгария президенті Румен Радевтың Нұр-Сұлтанға келер жылғы сапарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Болгариямен  жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ қазір Болгариямен өзара іс-қимылдарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтті. Бастысы – екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретін бағыттарды әзірлеу үшін үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру маңызды екенін айтты. Өз кезегінде Болгарияның вице-президенті мемлекеттер арасындағы, соның ішінде Еуропалық Одақ бойынша аясында да ынтымақтастықты дамытуға бейілді екенін білдірді. Сөз арасында саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауымен танысып шыққанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вице-президент ханым, сізді біздің елордамызда көргеніме қуаныштымын. Сапарыңыз өте маңызды. Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр. Біз болгар халқына үлкен құрметпен қараймыз, Болгариямен арадағы ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамуда. БҰҰ Бас Аассамблеясы алаңында Болгария президенті Румен Радевпен кездестім. Болгар диаспорасы Қазақстанның Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өмір сүріп жатыр.

Илияна Йотова, Болгария Республикасының вице-президенті:

- Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегіндегі жолдауында айтылған ауқымды реформаларды жүзеге асыру жағынан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл бағдарламаны іске асыру халықтың әл-ауқатын арттыруға, Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Илияна Йотова Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы идеясына қызығушылық танытты.

Сосын этносаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалап, болгар диаспорасы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қоса беретініне сенім білдірді. Кездесу соңында Павлодар облысына барып, онда жергілікті болгар этносы өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы