389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев елордаға инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды

  • 119
Тоқаев елордаға инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Елордаға инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өтіп жатқан қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордамызды одан ары дамыту – алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мынадай мәселелерді шешуге баса мән беруіміз керек: Нұр-Сұлтан қолайлы экономикалық, бизнес ортасы бар қала болып қала беруі тиіс. Ең негізгі басым міндеттердің бірі – қалаға инвестиция тарту. Елорда барлық уақытта да инвестиция тартуда көшбасшы болды. Солай болып қала беруі де тиіс. Жыл сайын қалада халықаралық, инвестициялық, экономикалық форумдар өтіп жатады. Бұл тәжірибенің одан ары жалғаса беретіндігі айқын. Өйткені, саяси, қоғам қайраткері немесе инвестор болса да олар бірінші кезекте елордамызға келеді. Сонымен қатар соңғы 10 жылда алғаш рет инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады», – деді ҚР Президенті. Осы ретте Мемлекет басшысы ҚР сыртқы істер министрі мен елорда әкімінің назарын инвестиция тарту көрсеткіштерінің құлдырауына баса назар аудартты.

«Осылайша, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен қала әкімдігіне бұл бағыттағы жұмысты күшейту, таяу уақытта нақты нәтижелер көрсету тапсырылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы