389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысының елорданы газдандыру мәселесіне көңілі толмады

  • 135
  • UPD: 17:56, 08.10.2019

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы газдандыру жұмыстарын сынға алды. Президенттің айтуынша, негізгі проблема қаланың инфрақұрылымы «Сарыарқа» газ құбырына қосылуға дайын болмаған.

Сондай-ақ, үшінші жылу энегро орталығының құрылысы да уақытында аяқталмады. Құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталған еді. Ал, биыл пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген. Жобалық-сметалық құжатын да түзету қажет. Себебі жоба бастапқыдан 1 жарым есеге қымбаттап кеткен. Президенттің айтуынша, бұл орталықтың дер кезінде тапсырылмауы қаладағы бизнесті баяулатады. Елорданың алдағы дамуына арналған мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Көп жұмыс атқарылды. Бірақ мұнымен шектелмеуіміз керек. Біз үшін басты мақсат-елордамыздың барлық бағыт бойынша жаңа, сапалы деңгейге көтеру. Бас қаламыз еліміздегі басқа өңірлерге үлгі болуы керек. Елорданың көркеюі Қазақстанның өсіп-өркендеуін көрсететін негізгі фактор. Бұл мақсатта қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін барлық қажетті жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан осы жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқаруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы