389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы ТЕЫК бас хатшысы Б.Әміреевті қабылдады

  • 137
  • UPD: 20:37, 08.10.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

Кездесу барысында Тұңғыш Президент 15 қазан күні Баку қаласында өтетін жетінші Түркі Кеңесі саммитіне дайындық барысы туралы хабардар болды. «Мен Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен кездестім. Ол менен Сізге ең ізгі тілектерін жеткізуді сұрады. Сонымен қатар мен Түркі әлемі елдерінің көшбасшыларымен де жүздестім. Олар да сізге тек ризашылық пен жылы сөздерін және сәлемін жолдап жатыр», – деді Бағдат Әміреев.

Хабар 24 телеарнасы