389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті

  • 133
  • UPD: 15:37, 09.10.2019

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ екі елдің өкілдері қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар назарға алынды. Бұл ретте еліміздің Сыртқы істер министрі екі елдің шекара аумағындағы ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының 70%-ке жуығы кедендік қатынастарға тиесілі», - деді ведомство басшысы. Өз кезегінде Сергей Лавров 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы алдында екі елдің жас көшбасшыларының бірінші форумын өткізу мәселесін пысықтағанын айтты.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Сергей Викторұлымен күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымды спектрі бойынша пікір алмастық. Сонымен қатар Орталық Азиядағы, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілерін талқылап, қос елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелерін қозғадық. Бұған қоса, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы да талқыланғанын атап өткім келеді. Бұл кездесу екі елдің байланысына жаңа серпін береді деген ойдамын.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

- Кездесу барысында біз Еуразиялық интеграялық процестердің сыртқы саясаттағы мәселелеріне ерекше тоқталдық. Еуразиялық экономикалық одақ әлеуетін арттыру өте маңызды. Одаққа қатысушы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ондағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту өзекті бағыттардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы