389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы ҚР Ішкі істер министрін қабылдады

  • 163
  • UPD: 21:19, 09.10.2019
Елбасы ҚР Ішкі істер министрін қабылдады

Биыл қылмыс көрсеткіші 15 процентке төмендеген. Ал ауыр қылмыстарды ашу ісі 77,5 процент шамасында. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.

Министр қауіпсіздік кеңесі төрағасына ішкі істер саласын реформалау мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды жан-жақты баяндады. Оның ішінде халықтың полицияға деген сенімін арттырып, бұл қызметтің мәртебесін көтеру міндетіне тоқталды. Бұдан бөлек елдегі криминогенді ахуал туралы баяндап, министрлік қолға алған іс-шаралар жайлы есеп берді.

Хабар 24 телеарнасы