389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы СЖҚІА төрағасы Алик Шпекбаевті қабылдады

  • 139
  • UPD: 21:23, 09.10.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің де төрағасын қабылдады. Алик Шпекбаев Елбасыға агенттік атқарып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндады.

Әсіресе жемқорлыққа қарсы қабылданған бағдарламалардың атқарылу барысы кеңінен сөз болды. Елбасы бұл істе шетелдік тәжірибені ескеру керектігін айтты. Халық оған белсенді түрде қарсы тұруы тиіс. Мұндай құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлау керек, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы қажет, - деп түйді Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы