389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

  • 143
  • UPD: 19:12, 09.10.2019
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады.

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады. Президент Тамара Асарға шығармашылық табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы