389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ конгрессмені: Қазақстанның орны бөлек

  • 133
  • UPD: 11:13, 10.10.2019

АҚШ конгресінің өкілдері Қазақстанмен байланысты арттыруға мүдделі.

Соңғы 20 жыл ішінде қос мемлекет арасында селкеу түспеген деген ойды ұстанған АҚШ конгрессмені, Аризона штаты астанасының бұрғынғы мэрі Грег Стэнтон қазақ елімен қарым-қатынасты нығайту тиімді екенін айтты. 

Грег Стэнтон, АҚШ конгрессмені:

– АҚШ барлық елмен сенімді әрі тығыз байланыс орнатуды көздейді. Бұл ретте Қазақстанның орны бөлек. Өйткені сіздердің елдеріңіз стратегиялық тұрғыдан маңызды жерде орналасқан және экономикаларыңыз серпінді дамып келеді. Сондықтан біз Қазақстанмен ынтықмақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Тек экономика не қауіпсіздік саласына ғана емес, білім беру саласындағы байланыстарға да көп көңіл бөлген жөн. Біздің мүдделеріміз ортақ.

Хабар 24 телеарнасы