389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Моңғолия премьер-министрімен кездесті

  • 193
  • UPD: 20:07, 10.10.2019

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Моңғолия тарихи жақын халықтар екенін атап өтті.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен Қазақстан мен Монғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға тырыстым. Біз тарихи тұрғыдан жақын халықпыз. Моңғолияның жүз жиырма мың ұлты қазақ азаматы бұл біздің елдеріміз арасындағы «тірі көпір». Сіз Қазақстанның Премьер-министрімен келіссөздер жүргіздіңіз. Сонымен қатар сіз бизнес-форумға қатысуды жоспарлап отырсыз. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасындағы сауда деңгейі өте төмен. Сіз барлық мәселелерді шешетініңізге сенімдімін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Моңғолия Премьер-министрі Қазақстанның Тұңғыш Президентіне осындай жоғары деңгейдегі жылы қабылдауы мен кездескені үшін ризашылығын білдірді.

«Мен Қазақстанда ресми сапармен жүргеніме өте қуаныштымын. Біздің кездесуіміз үшін сіздерге ризамын. Менің алғашқы сапарым қатынастарымызды тереңдетуге және олардың жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мен сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның жетістіктерін жеке өзім көргенім үшін мақтанамын», - деді Ухнаагиин Хүрелсүх.

Хабар 24 телеарнасы