389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев президенттікке неліктен Қасым-Жомарт Тоқаевты лайық деп санағанын айтты

  • 319
Н.Назарбаев президенттікке неліктен Қасым-Жомарт Тоқаевты лайық деп санағанын айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасындағы президенттіктен кеткеннен кейінгі алғашқы сұхбатында неліктен Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын айтты.

«Әрбір басшы өз заманы келгенде ойлана бастайды. Билікті келесі буынға өткіземіз, оны кім басқарады деген сұрақтарды ойлайды. Әрине, айналамда көптеген мықты азамат болды. Бірнеше адамды қарадым. Соның ішінен ең дұрысы, президенттікке сай келетіні Қасым-Жомарт Тоқаев деп есептедім. Неге? Біріншіден, менің жанымда ширек ғасыр келе жатқан адам. Мені оны білемін. Ол да менің жұмысымның сыр-сипатын біледі. Екіншіден, қазақтың бірден-бір сауатты азаматы. Үшіншіден, дипломатияда көп кісілермен танысқан, білетін адам. Барлығы оны таниды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз сөзінде Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары болып Женевада жұмыс істегенін, 10 жылдай Сенатты басқарғанын, 2 жыл Үкіметті басқарғанын да тілге тиек етті.

«Ел басқару оңай емес. Әрқайсысы ел басқарамын деп ойлайды. Елдің таңдағаны дұрыс. Nur Otan партиясының және менің ұсынуыммен халық сайлады. Қазіргі Президентімізді барлығымыз қолдауымыз керек», - деді Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы