388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Әзербайжан президентімен кездесті

  • 238
  • UPD: 23:25, 14.10.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Түркі тілдес елдер арасындағы интеграциялық байланыстарды күшейтумен қатар, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық көкжиегін одан әрі кеңейту мәселелері де әңгімеге арқау болды.

Ильхам Әлиев, Әзербайжан республикасының президенті:

– Мен үшін сізбен араласу – құнды. Кезінде Президент қызметіне кіріскен уақытта маған ылғи қолдау көрсеттіңіз. Өзара қарым-қатынас үнемі бауырластыққа негізделіп келеді. Сонымен қатар түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесіңіз зор. Көп бастаманың бастауында өзіңіз тұрсыз. Мерейтойлық саммиттің Бакуде өтіп жатқанына қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы