384,67 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне арналған жиын өткізді

  • 198
  • UPD: 20:19, 15.10.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономика мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Президент әлемдегі ахуалдың күрделі екенін айта келе, алда экономикаға қосымша серпін беру мақсаты тұрғанын атап өтті. «Ол үшін тың идея және жаңа көзқарас керек» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.     

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз бүгін арнайы жиналып отырмыз. Алдымызда тұрған мақсат – еліміздің экономикасына қосымша серпін беру. Дүние жүзіндегі ахуал баршаңызға мәлім. Әлемдік экономиканың болашағы бұлыңғыр. Айналамыздағы жағдай да күрделі. Дегенмен, біздің бір жерде тұрып қалуға қақымыз жоқ. Бұдан әрі дамуымыз керек. Бүгінгі таңда ең қажет нәрсе – жаңа идеялар, жаңа көзқарастар, жаңа болмыс. Сондықтан бәріміз ойымызды ортаға салып, бұл тақырыпты, яғни еліміздің экономикасын дамытудың жолдарын талқылауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы