388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – Әзербайжан көші-қон шарттарын жеңілдететін құжаттарға қол қойды

  • 201
  • UPD: 10:57, 16.10.2019
Қазақстан – Әзербайжан көші-қон шарттарын жеңілдететін құжаттарға қол қойды

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Баку қаласында көші-қон шарттарын жеңілдететін құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл хаттама екі мемлекет азаматтарының міндетті тіркелусіз жүруін 30 күнге дейін, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін елде болу мерзімін 90 күнге дейін ұзартуды қарастырады. Бұдан бұрын ұлттық заңнамалар бойынша Әзербайжан азаматтары елге келген соң 5 күн ішінде ІІолиция органдарында тіркелуі тиіс болатын», – деп жазды ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз өзінің Facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы