388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының Бакуге сапарынан видео жарияланды

  • 230

Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының 7-саммиті өткен Бакуге сапарынан видео жариялады.

«Мерейтойлық межеге біз жақсы жетістіктермен жеттік. Біріншіден, жаһандық тұрғыда да, өз ішімізде де ұйымға сұраныс бар екенін әрі оның өзектілігін дәлелдей алдық. Екіншіден, Кеңестің қатары Өзбекстан мен Мажарстан есебінен толықты. Бұл біздің бірлескен жылнамамыздың жаңа парағы. Үшіншіден, елдеріміз салмақты институционалдық архитектура қалыптастырды. Төртіншіден, Кеңестің өңірлік және халықаралық деңгейдегі саяси және экономикалық беделі өсіп келеді. Бесіншіден, Түркі әлемі интеграциясының тұжырымдамасы қабылданды», – деді Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы